Аймақтар • 18 Тамыз, 2021

Атырауда жалақысын ала алмағандар наразылыққа шықты

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 тамызда «Global Stroy Astana» ЖШС-ның 20 шақты қосалқы мердігері осымен үшінші рет облыс әкімдігі ғимаратының алдына жиналып, жұмыс үшін төлемеген ақшаны талап етті. Бұл шаруашылыққа қатысты дау жергілікті билікті алаңдата бастады, деп хабарлайды, Egemen.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

Атырауда жалақысын ала алмағандар наразылыққа шықты

Бұл жолы компания басшысы Нұрлан Мазғали Атырауға келгенімен, бұл дауды реттеуге тырысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов орнында болмады. Жиналғандарға оның қазір іссапарда екенін айтты.

Нұрлан Мазғали бұл мәселені алдымен бас мердігер «Gaz stroy montazh KZ» мен мердігер «Арал Сервис» компаниясымен шешу керек деп жауап берді. Бас мердігер «Gaz stroy montazh KZ» ЖШС Атырау филиалының басшысы Батыр Ибраев, өз кезегінде, алдымен «Құлсары-Теңіз су құбырының құрылысы» жобасында туындаған түсінбестікті анықтау керек екенін айтты. Өйткені ол жерде бір уақытта екі мердігер қатар болған және іс жүзінде жұмысты нақты кім орындағаны түсініксіз. Қазір бұл мәселе экономикалық сотта қарастырылуда.