«Қандай санаттағы азаматтарға екпе алуға болмайтындығы туралы сан мәрте рет айтылды. Бірақ «Егер вакцинаның бірінші компонентін алған адамда аллергия байқалса, оған екіншісі салына ма?» деген сауал көпшілікті мазалап жүр. Бұндай жағдай өте сирек болады. Бірақ менің тәжірибемде бұндай жағдай кездесті. Мәселен, «Спутник V» екпесінің бірінші компонентін алған әйелде аллергиялық реакция байқалды. Енді оған екіншісі салынбайды. Қазір біз әйелге құрамы жағынан қарсы көрсетілімдері жоқ вакцинаны таңдап жатырмыз», дейді Рафаэль Розенсон.
Оның айтуынша, вакцина алмас бұрын аллергиялық асқынуды емдеп алған жөн. Бұл көбінесе маусымдық аллергияларға қатысты.
«Жаз шығып, айнала жасыл желекке оранғанда ел арасында «поллиноз» деп аталатын аллергия ушығады. Енді оның аяқталуына да көп қалған жоқ. Содан кейін еш қорықпай вакцина ала беруге болады», деп түсіндірді аллерголог.