Әлем • 18 Тамыз, 2021

Ауғанстан Президенті қай елде екені белгілі болды

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БАӘ Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің отбасымен бірге елде екенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ауғанстан Президенті қай елде екені белгілі болды

«Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі БАӘ Президент Ашраф Ғани мен оның отбасын гуманитарлық негізде қабылдағанын растады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 15 тамызда «Талибан» содырлары Кабулға кіріп, елде билік алғанын мәлімдеді. Үкіметтің бір бөлігі мен Президент Ашраф Ғани Ауғанстан аумағынан кетуге мәжбүр болды.

Бұған дейін Ауғанстан билігіне жақын дереккөз агенттікке жексенбіде елден кеткен ауған Президенті Ашраф Ғани Оман Сұлтандығында екенін айтқан. Ғанидің Қазақстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда болуы туралы хабарларды мемлекет билігі ресми түрде жоққа шығарды.