Саясат • 19 Тамыз, 2021

Өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды

83 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ташкент қаласында (Өзбекстан) «Орталық және Оңтүстік Азияның өзара байланысы: алғышарттар, перс­пективалар, геостратегиялық маңызы» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды

 Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің қолдауымен ұйым­дастырылған жиынға Қазақ­стан Республикасы Пар­ламенті Сенаты Төр­аға­сы­ның орынбасары Асқар Шәкіров қатысты.

Ол өз сөзінде Орталық жә­не Оңтүстік Азия елдерінің сау­да-экономикалық жә­не инвестициялық ынты­мақ­тастығын арттыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ вице-спикер Орталық Азия өңірінің айтар­лықтай әлеуетіне ерекше назар аударды. Қазіргі таңда 75 млн-нан астам адамды қамтитын өңірдің жылдық жал­­пы жиын­тық өнімі шамамен 300 млрд АҚШ долларын құ­рай­ды. Ал сырт­қы сауда айна­лымы 145 млрд доллардан асады.

Одан бөлек, «Бір белдеу және бір жол», Транскаспий халық­аралық көлік дәлізі, Еура­­зиялық экономикалық одақ сияқ­ты ауқымды жобалар ая­сында қалыптасқан Еура­зия­­ның орталығындағы көлік ин­теграциясына баса мән берілді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 6 та­мызда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінде осы мәселеге тоқталған еді. Қазақстан Президенті сол кездесуде Орталық Азияда көлік коммуникацияларын дамыту аймақ елдерінің ішкі жалпы өнімін 15 пайызға өсіруге мүм­кіндік туғызатынын айтып, оны аса зор резерв деп атады.

Сондай-ақ вице-спикер өңірлік қауіпсіздік проб­ле­ма­ти­ка­сына, атап айтқанда, Ауған­­стандағы қазіргі жағ­дайға назар аударып, бұл мәсе­­леде оң жағы­нан танылған келіс­­сөз алаң­дарын белсенді пай­да­­лануға ша­қырды. «Ин­клю­зивті мемлекет идеясы­ның өзектілігі жойылған жоқ. Мә­селе әскери жолмен шешіл­мей­ді. Сондықтан қарсы та­рап­­тар келіссөздер жүргізу үшін бір үстелдің басына оты­руы керек», деді Асқар Шә­кіров.

Сонымен қатар конференция барысында өңіраралық өзара іс-қимылды тұрақты да­­мыту мәселелері сөз болды. Ол үшін өңір елдерінің сая­­си-дипломатия­лық, сау­да-эко­номикалық және мә­де­ни-гу­манитарлық ынты­мақ­тасты­ғын арттырудың, осы ба­ғыт­­тағы тиімді тетіктерді әзір­­леудің маңызы зор екені айтылды.

Жиынға қатысушылар ден­саулық сақтау және био­қа­у­іп­сіздік мәселелерін де тал­­қылады. Бұл бағытта бола­­шақта биоло­гия­лық қауіп­­тердің алдын алуға және қауіпті аурулар туралы мә­лі­­меттер алмасуға ықпал ететін Ха­­лық­­­аралық биологиялық қауіп­сіз­дік жөніндегі агенттік құру тура­­лы Қазақстанның баста­масы атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар