Әлем • 19 Тамыз, 2021

«Талибан»: Ауғанстан демократиялық мемлекет болмайды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан» қозалысы Ауғанстанның демократиялық ел болмайтынын және мемкелеттің шариғат заңы бойынша өмір сүретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Талибан»: Ауғанстан демократиялық мемлекет болмайды

Тәліптердің өкілі Вахидулла Хашимидің айтуынша, елді арнайы құрылған кеңес басқаратын болады. Жаңа биліктің діни көшбасшысы ретінде тәліптердің басшысы Хайбатулла Ахундзада тағайындалмақ. Сонымен қатар олар жаңа қаруланған күш жасақтамақ. Оған бұрынғы үкімет әскерінің сарбаздары мен офицерлеріне кіруге ұсыныс жасалып отыр.

«Сарбаздардың көбі әскери дайындықты Түркия, Германия мен Англияда өткен. Олардың өз қызметіне кірісу үшін келіссіз жүргізіп жатырмыз. Әрине, әскер қатарында өзгерістер болады. Реформа жүргіземіз», деп мәлімдеді «Талибан» қозғалысының өкілі Вахидулла Хашими.