Экономика • 19 Тамыз, 2021

Экспорттауға тыйым салынған тауарлар тізімі жарияланды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2021 жылғы 12 тамыздағы бірлескен бұйрығымен елден жекелеген тауарларды экспорттауға шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz.

Экспорттауға тыйым салынған тауарлар тізімі жарияланды

Бұйрықтағы тізім бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, делінген құжатта.

Атап айтқанда, шөп, сүрлем, сұлы, оның ішінде тұқым, қара бидай, оның ішінде тұқымды экспорттауға тыйым салынды.

Бұйрық 2021 жылы 23 тамыздан бастап күшіне енеді.