01 Мамыр, 2010

МӘЖІЛІС БЮРОСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палата бюросының отырысында заң жобаларының дайындығы қаралды. Депутаттар жалпы отырыста екі заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін айқындайтын бо­ла­ды. Атап айтқанда, еліміздің кей­бір заңнамалық актілеріне мем­ле­кеттік қызмет және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу қажет. Бұл заң жоба­сы­на қорытынды әзірлеу үшін па­ла­таның Заңнама және сот-құқық­тық реформа комитетіне жіберіл­мек. Сол секілді Үкіметтің 2009 жылғы республикалық бюджеттің ат­қарылуы туралы есебі бойынша қо­рытынды әзірлеу міндеті Қаржы және бюджет комитетіне жүктел­мек. Ал кейбір заңнамалық актілері­не заңсыз жолмен алынған кіріс­тер­ді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелерін қарас­тыратын заң жобасымен жұмысты жал­ғастыру жөнінде ұсыныс жасал­ды. Күн тәртібіне заңдарға транс­ферт­тік баға белгілеу және салық салуға қатысты түзетулер енгізуді көздейтін, сондай-ақ кейбір заңна­ма­лық актілерге өрт қауіпсіздігі, ұлт­тық қауіпсіздік мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларына Пар­ламент Сенаты енгізген түзетулер жөнінде мәселелер енгізілген. Палата депутаттарының талқы­сы­на Қазақстан мен Финляндия үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қо­сарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы бекіту туралы заң жо­басы ұсынылатын болды. Сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы, осы құ­жат­қа сәйкес кейбір заңнамалық актілерге қарастырылған түзетулер екінші оқылымда талқыға шыға­рылады. “Егемен-ақпарат”.