Әйелдер күресі бойынша жас балуандар өзара мықтыны анықтауда. Қазақстан сапынан 57 келіде сынға түскен Нилуфар Раимова жартылай финалға жолдама алды. Ол ширек финалда белорусиялық балуанды ұтты. Ал алғашқы айналымда Ресей спортшысынан басым түсті.
Сонымен қатар 76 келіде Дильназ Мулкинова мен 59 келіде бақ сынаған Мадина Аман әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі.