Әлем • 19 Тамыз, 2021

«Талибан» АҚШ-ты жеңгенін жариялады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» қозғалысы АҚШ-ты жеңгенін жариялады, деп жазады Egemen.kz

«Талибан» АҚШ-ты жеңгенін жариялады

Тиісті мәлімдеме ұйымның Twitter парақшасында жарияланды.

CNN жазуынша, ауған халқы «үш ғасыр қатарынан үш тәкаппар империяны, яғни Ұлыбританияны, КСРО мен АҚШ-ты жеңді» деп көрсетілген.

Телекомпанияның хабарлауынша, кейінірек «Талибан» жұма намазы кезінде Ауғанстандағы имамдарға өз азаматтарын елдің болашақ үкіметімен ынтымақтастыққа көндіру үшін үндеу жолдаған.

15 тамызда «Талибан» Кабулды ұрыссыз алды және Ауғанстанда билік енді оларға тиесілі екенін жариялады.