Құрғақ шөптер лезде жанып, қызыл жалын Сарытау ауданына қауіп төндірді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 36 адам мен 6 арнайы техника жұмылдырылған. Бірер сағаттан кейін қауіп беті сейілді. Өрт тұрғын үйлерге жеткен жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, шамамен 8 га жер жанып кеткен. Мамандар оқиғаның шығу себебін анықтап жатыр. Аймақта соңғы күндері дала мен орман өрті жиілеп кетті. Ауа температурасы +38 градустан төмен түспей тұр.