Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мәліметіне сүйенсек, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда 90 503 қазақстандық маман жұмыс істейді.
«Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның шешімімен квотаға сәйкес, жұмыс берушілер шетелдік мамандарды бірнеше санат бойынша жұмысқа тарта алады. Мәселен, биылғы 1 тамызға дейін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 4 727 рұқсат берілді. Оның ішінде 1-ші санатқа – 26, 2-ші санатқа – 711, 3-ші санатқа берілген 3 369 рұқсат бар. Сондай-ақ шетелдік маусымдық жұмыс үшін 611, корпоративтік ауыстыру бойынша 10 рұқсат алды. Арнайы комиссияның шешімімен 459 шетелдік маманды жұмысқа тартуға рұқсат беруден бас тартылды», деп хабарлады басқарма мамандары.