Атамекеніне құрамында 182 қандас бар 123 отбасы көшіп келді.
«Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан 114 отбасы (171 адам), Қытай Халық Республикасынан 7 отбасы (9 адам) және Ресей Федерациясынан 2 отбасы (2 адам) бар. Атырау қаласына 100 отбасы (147 адам), Жылыой ауданына 20 отбасы (32 адам), ал, Мақат ауданына 3 отбасы (3 адам) қоныстануды ұйғарды», деп хабарлады басқарманың мамандары.