Саясат • 20 Тамыз, 2021

Кабулдағы Қазақстан елшілігі тәліптердің қорғауында – СІМ

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Кабулдағы елшілігі «Талибан» қозғалысының қорғауында. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Кабулдағы Қазақстан елшілігі тәліптердің қорғауында – СІМ

«Талибан» Кабулды басып алған кезде олар біздің елшіліктің аумағына кірді. Елші көшеге шықты. Полиция, күзетші жоқ. Елші шықты, сөйлесті, бұл Қазақстан елшілігі екенін айтты. Тәліптер де қорқудың қажеті жоқ екенін, күзететіндерін айтты. Содан бері елшілікті тәліптер күзетеді», деді ол.

Ақан Рахметуллин Қазақстан тәліптерді мойындамайтынын, бірақ Ауғанстандағы жағдай мұқият бақылауда екенін атап өтті.