«2021 жылдың 21 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында Шагабутдинов көшесінде Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. Енгізілген шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырды қайта құру үшін қажет», деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі.
Белгіленгендей, жергілікті тұрғындарға ыстық су уақытша беріледі.
«Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған бөлімді айналып өту жолдарын алдын ала қарауды сұраймыз», деді мекеме.