Әлем • 21 Тамыз, 2021

Тәлібтер америкалық журналистке күш көрсетті

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан» радикалды қозғалысының (Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) жауынгерлері америкалық журналист Маркус Ямды ұрды, содан кейін одан кешірім сұрап, салқын су мен энергетикалық сусын ұсынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәлібтер америкалық журналистке күш көрсетті

Журналистің айтуынша, оқиға әріптесімен бірге талибандар мен бұрынғы үкіметтің жақтастары арасындағы қақтығысты түсіріп жатқан кезде болған. Содырлар кенеттен оған және қасындағы журналистке шабуыл жасаған.

Қатты қорқып кеттім. Мен қолымды көтеріп, оларға шетелдік журналист екенімізді айтып, ұрмауын сұрадым», деп жазды Маркус Ям Los Angeles Times газетіне жазған мақаласында.

Осыдан кейін шабуылдаушылар журналистерден кешірім сұрап, тіпті оларға су мен энергетикалық сусын берген.