Осыған орай, Семей қаласында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қайраткер Әлихан Бөкейханның тұлғасына, ел тарихына құрмет ретінде Әлихан Бөкейхан бейнесін Семейдегі көп қабатты үйлердің біріне көркем мурал түрінде салу бастамасын жүзеге асырды.
Екі-үш ай дайындық және екі жұмаға созылған жұмыс нәтижесінде көркем мурал салу жұмысы аяқталды.
Сонымен қатар университет өз есебінен мурал орналасқан көпқабатты үйдің айналасына жөндеу, абаттандыру, ауласы мен кіре беріс жайларын жарықтандыру жұмыстарын жүргізді.
Мурал Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 15 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынды.
Муралды сурет шебері Александр Романов салды.
Ал фото суреттің авторы - Жасұлан Қасымбек.