Спорт • 21 Тамыз, 2021

Жастар спорттық ойындары қорытындыланды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың наурызы мен тамызы аралығында өткен 5-ші Жастар спорттық ойындары қорытындыланды, деп жазады Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жастар спорттық ойындары қорытындыланды

Аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады. Ойындардың бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар енді.

Алайда, жарыстар тек 33 спорт түрлерінен өткізілді (аймақтардың санитарлық дәрігерлерінің тыйым салуына байланысты тректегі велосипед спортынан, триатлоннан және байдарка мен каноэ есу спортынан жарыстар тоқтатылды).

Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысының спортшылары қатысты. 5-ші Жастар спорттық ойындарының нәтижесі бойынша бірінші орынды Алматы қаласы (1053), екінші орынды - Шымкент қаласы (1004), үшінші орынды - Алматы облысы (958) иеленді.