Аймақтар • 22 Тамыз, 2021

ШҚО-да 40 гектарды шарпыған орман өрті оқшауланды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мариногор ауылдық округіндегі құрғақ шөп алаңында өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

ШҚО-да 40 гектарды шарпыған орман өрті оқшауланды

«Бүгін сағат 6.15-те өрт сөндірушілер, орманшылар және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Мариногор ауылдық округінде 40 га құрғақ шөптен өртті ауыздықтады», деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына 6 өрт сөндіруші, ШҚО ТЖД өрт сөндіру машинасы, 2 трактор, жергілікті атқарушы органдардың 50 адамы мен орман шаруашылығының 5 қызметкері жұмылдырылды.

Барлық күштер мен құралдар жалынның толық жойылғанына дейін орнында қалады.