Аймақтар • 22 Тамыз, 2021

Павлодарда суға батқан баланың денесі табылды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда суға батып кеткен баланың денесі төрт күннен кейін табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда суға батқан баланың денесі табылды

Іздеушілер жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, 12 жасар ұлдың денесі автомобиль көпірінің астынан табылды.

«Бүгін баланың денесін іздегенімізге төртінші күн. Көмектесуге келген адамдармен бірге автокөлік көпірінің астына қайықпен өтіп, таптық. Денесін жағаға шығарып, құтқарушыларды шақырдық», деді ерікті.

Айта кетсек, 19 тамыз күні орталық жағалауда достарымен бірге шомылып жүрген 12 жасар бала суға батып кетті. «VITA» іздеушілер жасағының мәлімдеуінше, достары қорыққаннан үлкендерге болған жәйт туралы бірден айтпаған.