Әлемдегі кез келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты белгісі – ғылым, білімінің даму дәрежесі. Халқымызбен ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөз осының айқын дәлеліндей. Әуелі ұлт білімді болуы тиіс. Сосын: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», деп данышпан Абай айтқандай, білімдінің сөзі талапты ұрпаққа жетуі керек. Сонда ұлт та, ұрпақ та ғаламдық ақыл-ой бәсекесінің алдына шығатын болады.

Білім негізі мектепте қаланады, ал мектеп табалдырығын аттаған жас шәкірттің қолға ұстайтын алғашқы кітабы – «Әліппе». Ендеше «Әліппе» «бар кітаптың атасы» деуге әбден лайық.
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Әліппенің» оқу бағдарламасынан шығып қалғандығы туралы жағымсыз хабар тарады.
Білім атаулының бастауында тұрған «Әліппе» қай заманда болсын қазақ қоғамының ерекше назарында болды.
Ұлы реформатор-педагог Ахмет Байтұрсынов әуелі 1912 жылы «Оқу құралы» деп ұсынып, кейін ұдайы толықтыру, жетілдіру нәтижесінде 1927 жылы «Жаңа Әліпби» деген атпен мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің бас кітабы бұдан кейінгі кезеңде жарық көрген барлық «Әліппелерге» берік іргетас болды.
Байтұрсынов репрессияға ұшырап, оның есімін атауға мүлде тыйым салынған жылдарда да Ахаңның «Әліппесі» ғана емес, ол қалыптастырған тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының 500-ге жуық терминдері қазақтың талай буынын ұлттық рухта тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты.
Ахаңнан кейін жарық көрген Телжан Шонановтың «Жаңалығы» мен Молдағали Жолдыбаевтың «Жаңа арнасы» Байтұрсынов түзген, қалыптаған «Жаңа Әліпбидің» шеңберінде жасалды.
«Әліппені» Ленинград Шығыстану университетін бітіріп келген соң бізге ұстаз болған, ол кезде жас ғалым, кейін мәшһүр академик Ісмет Кеңесбаев та жазды. Жиырма жылға жуық уақыт бойына оқытылған оның «Әліппесімен» 30, 40-жылдардың оқушылары білім алды. Бұдан кейінгі жарық көрген Н.Миршанов пен М.Төрежановтың «Әліппелерінің» мазмұнына сол кездегі коммунистік идеология мен кеңес заманы саясатының салқыны тигенімен құрылымы мен терминологиясы жағынан алғанда Ахмет Байтұрсынов салған сара жолдан алысқа ұзай алған жоқ.
Байтұрсынов ұлы ғалым ғана емес, Қазақ автономиялық республикасының алғашқы Халық ағарту комиссары, бүгінгі тілмен айтқанда Оқу министрі де болды. Осы қызметті атқару өткен ғасырдың сексенінші жылдары біздің де маңдайымызға жазылды.
«Әліппе» туралы әңгімені әріден қозғауымның тағы бір сыры – мектептің бас кітабы әрқашан әрбір Оқу министрінің басты назарында болды. Біз де осы дәстүрді ұстанып, кезінде «Әліппенің» әр басылымын мұқият парақтап, ақыл-кеңесімізді айтқанбыз.
«Әліппенің» маңыздылығы соншалық еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жарық көрген жаңа буын «Әліппесіне» Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғысөз жазып, мектеп табалдырығын аттаған жас буынды өзі арнайы құттықтаған еді. Сол «Әліппенің» оқу бағдарламасынан шығып қалуы барша ата-аналардың, ұстаздар қауымының, бүкіл қазақ қоғамының наразылығын тудырды. Енді Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов аяулы кітапты оқушыларға қайтарып, көптің ризашылығына бөленді. Жас министрімізге біз де «Бәрекелді!» деп, енді жас оқушылармен қайта қауышқан «Әліппенің» ерекшеліктеріне арнайы тоқталайық.
Әрине, Байтұрсынов «Әліппесін» тура сол күйінде бүгінгі мектеп оқушыларына ұсынуға бола қоймайтыны белгілі. Бізге керегі – Ахаң қалыптаған үлгі арқылы жас ұрпаққа ана тілінің бар әуезін сіңіріп, ата дәстүрінің бар қасиетін дарыту. Бұл мақсатқа жетудің педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік негізін де кезінде А.Байтұрсынов жасап берген еді.
Ахаңның пайымдауынша, әріп – дыбыстың таңбалануы, дыбыстан – буын, буыннан – сөз, сөзден сөйлем құралады.
Осының бәрін ұлт ұғымына сай үйлестіру арқылы ана тіліміздің асыл қасиеттерін меңгереміз. Ал ол бізді ұлтты тануға, ғылым-білімді игеруге, халыққа қызмет етуге бастайды. Ә.Жұмабаева, Н.Құрман, Б.Сабденовалар даярлаған жаңа «Әліппе» Ахаңның осы концепциясын ерекше басшылыққа алған.
Әліппе шартты түрде үш бөлімнен құралған. Алғашқы беті жас достарына: «Білім жолындағы алғашқы қадамың құтты болсын!» деген ұлт ұстазының мейірбан бейнесімен ашылатын кітап өз оқырманын бірден білім әлеміне жетелей жөнеледі.
Бірінші бөлім ұстаз бен шәкірттердің сурет арқылы бірлесе жұмыс істеуіне құрылған. Бірінші сабақта-ақ жас бүлдіршіннің мұғалім көмегімен Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран сияқты киелі рәміздерімізбен танысуының өзі оқулықтың отаншылдық рухта жазылғанынан хабар береді. Бұдан кейінгі «Сәлемдесу», «Мектептегі бір күнім», «Мен әдепті баламын» атты суретті сабақтар жас буынды ата-баба дәстүріне адалдыққа шақырады.
Кітап авторлары бұдан кейінгі сабақтарда шәкірттерді қоршаған орта, табиғат, қала мен даладағы алуан түрлі дыбыстар әлемін аралатып, балалардың коммуникативтік, танымдық қабілеттерін ұштай түседі. Осылайша 12 сабақтан тұратын бірінші бөлімде шәкірт суреттер арқылы дыбыс, буын, сөз әлеміне саяхат жасап, біртіндеп әріптер өлкесіне келеді.
«Әліппенің» екінші және басты бөлімі жас оқырманды дыбыс пен әріптің ара жігін ажыратуға үйретеді. Әріпті қолдану арқылы біртіндеп сөз бен сөйлем құрауды меңгертеді.
Кеңес заманында жасалған «Әліппелерде» орыс «Букварьларының» әсері аз болған жоқ. Орыс алфавитіне сәйкес әріп үйрету қазақ ұғымына лайық сөз құрауда көп қиындықтар туғызды. Мұны өз тәжірибесінен ерте кезден-ақ аңғарған Ахаң әріптерді үйретудің мүлде жаңа, таза қазақи ұғымға негізделген озық үлгісін ұсынды. Жаңа «Әліппенің» авторлары дәл осы үлгіні басшылыққа алыпты.
«Әліппе» атаулы «А» әрпін үйретуден басталатыны баршаға белгілі. Ахаң екінші әріп ретінде «Ә» немесе «Азбукадағыдай» «Б» емес, «Р» әрпін алған.
Мұның екі түрлі себебі бар. Біріншіден, «а» мен «р» әрпі арқылы қазақша сөз құрауға болады. Екіншіден, «р» дыбысын үйрету арқылы баланы дұрыс дыбыстауға, артикуляциялауға, сол арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейді. Оқулық авторлары Ахаңның дәл осы тәсілімен екінші әріп «р» дыбысы мен әрпін үйретіп, осы екі әріптің қосындысынан балаларға бірден «ар», «ара» сөздерін айтқызады. Мұнымен де шектелмей шәкірттер мұғалім көмегімен басында, ортасында, аяғында «р» дыбысы бар «қар», «қарға», «раушан», тіпті осы заманғы «радио», «робот» сөздері арқылы «р» әрпі кездесетін талай сөзге қанығады. Бұл – әбден құптарлық әдіс.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне ерекше мән берген. Ол бір ғана дауысты дыбыстардың өзін: аңғал, босаң, қысаң, тұйық, өткелді, қымқырулы деп жіктейді. Қазақ тілінде ғана кездесетін дыбыстардың өз ерекшелігіне орай дұрыс айту арқылы сауатты сөйлеуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы тіл мәдениетін орнықтыруға ерекше мән берген. Түптеп келгенде қазақты өзге ұлттардан өзгешелеп, даралап тұратын Ахаң түрлеген ана тіліміз емес пе?
«Әліппе» авторлары алғашқы «А», «Р», «Л», «У» «Н» әріптерін меңгерген шәкірттерге алған білімдерін жіктеп, жүйелеп, еске сақтау үшін «не үйрендім?», «не білдім?» деген арнайы бөлім қосып, онда балаларға үйренген әріптері арқылы өздері таныған жаңа сөз бен қысқа сөйлемдерді пысықтайды.
Кітап авторлары әріптерді сөз құрау қабілеті және дыбысталу ерекшелігіне қарай меңгерту арқылы шәкірттерді біртіндеп білім әлемінің төріне қарай жетелей түседі. Алфавиттің ортадан төмендеу тұсында орналасқан «П» әрпіне келгенде оқушылар осыған дейін үйренген әріптерінің көмегімен «Кітап – адамның ақылшы досы. Кітапты ақындар, жазушылар жазады. Суретшілер суретін салады. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек», деген қысқа болса да тағылым мен тәрбиеге толы мәтін жазып үлгереді. Әрине, мәтінді бұдан да толығырақ етіп жазуға болар еді, бірақ балалар онда кездесетін әріптерді әлі толық өткен жоқ. Сол себепті үйренген әріптер саны көбейген сайын мәтін де күрделене, айшықтала түседі. Мұны бұдан кейінгі сабақтардан айқын аңғарамыз.
«Әліппе» жазу оңай емес. Әуелі авторлар ұсынған методика бала ұғымына лайық таңдалуы керек. Ондағы мәтін мағыналы, мәнерлі, көркем болуы шарт. Авторлар «И» әрпіне келгенде шәкірттеріне жай сөйлем ғана емес, сол әріптер көмегімен өлең оқуға да мүмкіндік береді. Оған ақын Абдрахман Асылбектің: «Ұзын құрық инелік, инелікке тимелік. Ұшақтарды жасадық, инеліктен үйреніп», деген шағын әрі шымыр, жатталуы оңай өлеңі дәлел болады. Ең бастысы, қысқа ғана шумақта балалар әлі өтпеген бір әріп те жоқ. Бәрі тап-тұйнақтай, өз орнында тұр.
«Әліппе» – әріп үйретіп, сөз, сөйлем құрауға баулитын оқулық қана емес, ұлттық тәлім-тәрбиеге, ғылым-білімге, алуан түрлі мамандыққа шақырып, спортқа дейін баулитын танымдық мәні зор әмбебап кітап. Бұл оқулықтың әр бетіндегі бала ұғымына сай таңдалып, тақырыпқа сәйкес сұрыпталып берілген мәтіндерден анық байқалады.
Бір кездері мектеп оқулығына кіру әдебиетіміздің үлкен классиктері үшін де әжептәуір мәртебе еді. Кейінгі кездері жарық көрген әдебиет оқулықтарының кейбірінде есімін біз білмейтін ақын, жазушылар қаптап жүр. Оқулықтың өзінде және сол үшін жасалған оқу бағдарламасында алдағы уақытта мұндай шалағайлыққа жол бермеген жөн. Осы тұрғыдан келгенде «Әліппе» авторлары онда есімі аталып, шығармаларынан үзінді келтірілген авторларды дұрыс іріктей білген.
Кітаптың үшінші бөліміндегі шәкірттердің өз бетінше оқуына арналған мәтіндер мен олардың авторлары Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбай, Шона Смаханұлы, Фариза Оңғарсынова, Ермек Өтетілеуұлының Отан, ұстаз, білім, мектеп, «әліппе» туралы өлеңдері өткен сабақ, қамтылған тақырып және оқулық мазмұнымен қабысып тұр. Осы тұрғыдан келгенде «Әліппенің» өн бойында кездесетін басқа да есімі елге танымал балалар ақындары мен жазушыларының шығармалары, «Негеш» энциклопедиясынан алынған ұтымды үзінділер оқулық ажарын ашып, мазмұнын байыта түскен.
Аяулы Ахаң өзінің алғашқы «Әліппесін» жас оқырмандарға ұсына тұрып, суреттеріне көп көңілі толмайтынын, оның қазақта кәсіби суретшілердің аздығынан туындаған олқылық екенін қынжыла жеткізген еді. Бұл жолғы «Әліппенің» кәсіби суретші Бағдагүл Ералиева салған әдемі суреттері оқулық мазмұнын көркемдеп, кітап келбетін айшықтап тұр.
Еліміздегі барлық қазақ мектептеріне жол тартқан жаңа «Әліппені» қайтарған министр А.Қ.Аймағамбетовке, оның авторлары: педагогика ғылымдарының докторлары, профессор Ә.Жұмабаева мен Н.Құрманға, әдіскер ұстаз Б.Сабденоваға, әсем безендіріп, сапалы қағазға басып шыққан «Атамұра» баспасына алғысымызды білдіреміз.
Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағын әлемдік білім биігіне бастайтын кітапқа «Төрлет, Әліппе!» дейміз бек риза көңілмен.
Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,
мемлекет және қоғам қайраткері,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар