2021 жылдың 21 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында Шагабудинов көшесінің Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аймағында көлік қозғалысы тоқтатылады. Себебі көше сегментінің астынан өтетін магистральдық құбырды қайта құрылады.
«Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін ғимараттарға ыстық су уақытша беріледі. Қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және аталған бөлімді айналып өту жолдарын алдын ала қарауды сұраймыз», деп жазады «Алматы жылу желілері» ЖШС.