Фото: Reuters
Дауылдан Веракрус штаты қатты зардап шекті. Сенбі күні таңертең дауыл жағаға жақындап, ағаштарды тамырымен жұлып әкетті.
Штат астанасы Халапада көптеген көше лай өзеніне айналды. Кейіннен «Грейс» тропикалық дауылға ұласып, ішке қарай жылжи бастады.
Дауыл Мехико қаласынан солтүстікке қарай жылжығанда қатты жел мен жауын-шашын су тасқынына әкелді.
«Грейс» Мексиканың жағалауына жеткенде 200 км/сағ жылдамдықпен соққан. Штат үкіметі өкілдерінің айтуынша, қаза болған сегіз адамның алтауы бір отбасының мүшесі.
Веракрус жағалауындағы Теколутла қаласының тұрғындары дауылдың жойқын болғанын айтты.