Аймақтар • 23 Тамыз, 2021

Алматыда 15 қабатты үйден өрт шықты

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 15 қабатты үйден өрт шықты

Өрт 22 тамыз күні кешке Алмалы ауданы, Төле би көшесіндегі 273/6 үйде болған.

«15 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің 2 шаршы метр балконында тұрмыстық заттар жанып кетті. Өрт 21.33-те ауыздықталып, 21.36-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына қуаты аз өрт көзі себеп болған», деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Департамент жалын ошағына арнайы өрт сөндіру құралдарын жеткізу қиын болғанын мәлімдеді. Оған тұрғын үйдің кіреберісіндегі көліктер мүмкіндік бермеген. Өрт сөндірушілер бесінші қабатқа көтерілу үшін өрт сөндіру баспалдағын қолданған.

Алматы қалалық ТЖД құтқару қызметінің жұмысына кедергі келтірмеуді сұрайды.