Қоғам • 23 Тамыз, 2021

Сотталғандардың 64%-ы жұмыспен қамтылған – Мұрат Баймұқашев

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотталғандардың 64%-ы жұмыспен қамтылған – Мұрат Баймұқашев

«Қылмыстық-атқару жүйесін реформалау аясында Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев омбудсмен Эльвира Азимовамен, сондай-ақ басқа да әлеуметтік белсенділермен бірге Алматы облысындағы ЛА-155/4 әйелдер колониясында болды. Ішкі істер министрлігі бастығының орынбасары мекемедегі әйелдер мен олардың «Бала үйінде» жатқан нәрестелерін ұстау шарттарымен, медициналық көмекпен, сондай-ақ колония аумағында өндірістің дамуымен танысты», деді ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз департаментте өткен брифингте.

ЛА-155/4 мекемесі - 3 жасқа дейінгі балаларды анасынан ажыратпау үшін «Бала үйі» жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз колония. Қазіргі уақытта балалар үйінде 31 бала тәрбиеленіп жатыр, олардың 11-і биыл туған.

«Адам құқықтары саласындағы сарапшылар бала 3 жасқа толғаннан кейін де анасымен бірге болу мерзімін ұзарту мәселесін қарап жатыр. Бұл шара еуропалық елдерінде қолданылады. Егер бала үш жасқа толған кезде анасының қалған жаза мерзімі 1 жылдан аспаса, баланы жанында ұстауға рұқсат беріледі. Бұл баланы анасынан ерте ажыратпауға мүмкіндік береді, бұл екеуінің де эмоционалды жағдайына жақсы әсер етеді», деді Н.Ораз.

Ішкі істер министрлігінің орынбасары сотталғандар үшін жұмыс орнын ұлғайту маңызды екенін айтты.

«Еңбек-Жауғашты» РМК филиалы жұмыс істейтін колонияның өндірістік бөлігінде болдым, онда сотталғандардың шамамен 64%-ы жұмыспен қамтылған. Жұмыстың негізгі бөлігі тігін өндірісіне бағытталған, мұнда орташа есеппен жылына 230 мыңға жуық өнім шығарылады. Қазір біз сотталғандардың, оның ішінде әйелдер колониясының формасын өзгерту туралы ұсынысты қарастырып жатырмыз. Жаңа киімдерді шығару мекеме аумағындағы тігін шеберханаларына жүктеледі», деді Мұрат Баймұқашев.