Әлем • 23 Тамыз, 2021

ДДСҰ Ауғанстанға көмек көрсету үшін әуе дәлізін құруды талап етті

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өмірлік көмекке мұқтаж миллиондаған ауғандықтарға дереу қол ұшын созуды талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

ДДСҰ Ауғанстанға көмек көрсету үшін әуе дәлізін құруды талап етті

ДДСҰ осы аптада Ауғанстанға жеткізілуі керек 500 тонна дәрі-дәрмектер, соның ішінде хирургиялық жабдықтар Кабул әуежайындағы шектеулерге байланысты тоқтап қалды деп мәлімдеді. Басқа гуманитарлық ұйымдар да осындай қиындықтарға тап болады.

Ұйым Ауғанстанға үнемі және кедергісіз көмек көрсетуге мүмкіндік беретін әуе дәлізін тез арада орнатуға шақырады.

ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Ричард Бреннанның айтуынша, шамамен 18,5 миллион адам – Ауғанстан халқының жартысы гуманитарлық көмекке мұқтаж және құрғақшылықтың салдарынан олардың қажеттіліктері артады деп күтілуде. Алайда, Кабул әуежайының коммерциялық рейстерге жабылуы жеткізулерді кешіктіре түсті.

«Қазір бүкіл әлемнің көздері эвакуацияланған адамдарға және ұшатын ұшақтарға байланған кезде, біз көмексіз қалған адамдарға керек-жарақтарды жеткізуіміз керек», деді Бреннан.