Әлем • 24 Тамыз, 2021

Венгрия шекарасында күзет күшейді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы кезде Венгрия шекараcынан заңсыз өтпек болған мигранттардың саны күрт өсті, деп жазады Egemen.kz.

Венгрия шекарасында күзет күшейді

Euronews жазуынша, Венгрия Ішкі істер министрлігі тек демалыс күндері полиция мен әскерилер 860-қа жуық тәртіп бұзушыны ұстағанын мәлімдеген. Құқық қорғау органы қызметкерлері Венгрия-Сербия шекарасында бекінген тосқауылдарды бұзуға тырысқан 20 мигрантты ұстады. Олардың бірі қарсылық ретінде көзден жас ағызатын газ қолданған.

Сонымен қатар, Тиса өзенінің бойындағы Гара ауылының маңында ешқандай құжаты жоқ 65 сириялық пен 14 ауғандық топ анықталды.

Өткен аптада шекарашылар 2000-нан астам заңсыз мигрантты ұстады, бұл жаз айларында тіркелген рекордтық көрсеткіш.

Румыния, Хорватия, Украина шекарасында және ел ішінде адам контрабандасына қатысы бар ондаған күдікті құрықталды. Бақылаушылар босқындар санының көбеюін Ауғанстандағы қиын жағдаймен байланыстырады.

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00