Ауа райы • 24 Тамыз, 2021

24 тамызға арналған ауа райы болжамы

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 24 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

24 тамызға арналған ауа райы болжамы

Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай күтіледі, таулы аудандарда және батысында жел 15-20 м/с күшейеді, батысында шаңды дауылмен.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстік-батыста найзағай күтіледі, облыстың батысында, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігі мен батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының жағалауына тұман түседі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.