Аймақтар • 24 Тамыз, 2021

Павлодарда жол апатынан қарт әйел көз жұмды

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық қиылыста «Волга 3110» және «ГАЗ 3302» көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жол апатынан қарт әйел көз жұмды

«23 тамызда сағат 16.00-де Павлодар қаласындағы Камзин-Аймауытов көшелерінің қиылысында «Волга 3110» автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсіне шығып бара жатқан «ГАЗ 3302» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Волга» автокөлігінің 87 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», деді Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Екі көлік те айып тұрағына қамалды. Тексеру жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 278 ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде 20 адам қаза тапса, тағы 410 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше