ANTIKOR • 24 Тамыз, 2021

Астана LRT-ның экс-басшысы елге экстрадициялануы мүмкін

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Astana LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Астана LRT-ның экс-басшысы елге экстрадициялануы мүмкін

«Astana LRT» компаниясының қашқын басшысы орналасқан мемлекет оны қамауға алуға ордер берді. Ер адамның нақты орналасқан жерін шетелдік барлау органдары белгілейді.

Бұл ретте күдіктінің қайда жасырынғаны отандық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте нақтыланбады. Алайда, ол шетелде қамауға алынғаннан кейін бірден Қазақстанға экстрадициялануы талап етілетіні белгілі.

Отанға Қанат Сұлтанбеков те оралуы мүмкін. Компанияның қашқын басшысынан айырмашылығы, елорда әкімінің бұрынғы орынбасарының орналасқан жері белгілі. Ол АҚШ-та жасырынған.

Еске сала кетсек, Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданға елордалық LRT құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың ұйымдастырушылары болды деген айып тағылды. Сот процесі басталмай тұрып, екеуі де елден қашып үлгерді. Интерпол желісі бойынша олар екі жылға жуық уақыт бойы іздеуде болды. Осы уақыт ішінде істің қалған фигуранттары әр түрлі мерзімге түрмеге қамалып, қазынаға 6 миллиард теңгеге жуық қаржыны қайтару міндеттелді.