Экономика • 24 Тамыз, 2021

Экономика министрі бюджет шығыстарына қатысты болжам жасады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Экономика министрі бюджет шығыстарына қатысты болжам жасады

Министрдің айтуынша, ұлттық қордан 2022 жылы 550 миллиард теңге мөлшерінде, 2023-2024 жылдары жыл сайын 400 миллиард теңгеден нысаналы трансферт тарту ұсынылады. Жалпы ішкі өнімге байланысты 2022 жылы бюджет тапшылығы 3,3% деңгейінде болжанса, келешекте 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 2,5%-ға дейін төмендеу болжанып отыр.

«2022 жылы Мұнайлы емес тапшылық жалпы ішкі өнімге байланысты 8,1%-ды құрап, 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 6,3%-ға дейін төмендейді.

Сондай-ақ республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы 15,9 триллион теңге, 2023 жылы 15,6 триллион теңге және 2024 жылы 16 триллион теңге көлемінде болжанып отыр», деді министр.

Сонымен қатар Ә.Ерғалиев Үкімет мүшелеріне ҚР 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын ұсынды.