Аймақтар • 24 Тамыз, 2021

Алматыда сегіз мектептің құрылысы жүргізілуде

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында жаңа мектептер салынып, ескі білім беру ұйымдарында сейсмикалық төзімділік жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда сегіз мектептің құрылысы жүргізілуде

Басқарма басшысының айтуынша, жыл соңына дейін 48 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Оның ішінде 38 нысанның құрылысы жүріп жатса, қалған 10 мектепте сейсмикалық төзімділік жұмыстары жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта 12 600 оқушыға арналған сегіз мектептің, 17 мектепке арналған қосалқы ғимараттар мен №7 қалалық аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Кіші Алматы өзенінің жағалауын және Жамбыл көшесін Достық даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін реконструкциялау аяқталуға жақын», деді спикер.

Спикердің айтуынша, Алматыдағы барлық жаңа мектептерді салуда әлемдік стандарттар ескерілетін болады. Ол қазіргі балалардың заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа кеңістікте білім алуға қызығушылық танытады деп есептейді. Сондықтан мегаполисте жаңа типтегі мектептердің құрылыс процесі жалғасады.