Ауа райы • 25 Тамыз, 2021

Сәрсенбі күніне арналған ауа райы болжамы

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәрсенбі күніне арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады. Тек солтүстік-шығыста, шығыста антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда бұршақ, солтүстікте тұман күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі, күндіз батысында және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды облысының батысында найзағай ойнауы мүмкін, солтүстігінде, шығысында, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстарында, Алматы, Қарағанды облыстарының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.