Тағайындау • 25 Тамыз, 2021

Германияның Алматыдағы бас консулы тағайындалды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Алматыдағы бас консулы жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германияның Алматыдағы бас консулы тағайындалды

23 тамызда Марио-Инго Зоос мырза Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы Бас консулы қызметіне кірісті, деп хабарлайды консулдық.

Зоос мырза консулдық округіне Алматы мен Шымкент қалалары, сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары кіреді.
Мюнхенде заңгер мамандығы бойынша білім алғаннан кейін, Зоос мырза еңбек жолын Германия Сыртқы істер министрлігінен бастады. Ол өзінің дипломатиялық қызметінде Богота, Загреб, Никосия, Вашингтон, Любляна және Чикагода еңбек етті.

Алматыға тағайындалғанға дейін Берлинде Германия Сыртқы істер министрлігінде бөлім бастығы қызметін атқарды.