Әлем • 25 Тамыз, 2021

«Үлкен жетілік» елдері Ауғанстанға алаңдаушылық білдірді

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбі күні Ұлыбританияның төрағалығымен Ауғанстандағы жағдайға арналған «Үлкен жетілік» елдерінің саммиті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz GOV.UK сайтына сілтеме жасап.

«Үлкен жетілік» елдері Ауғанстанға алаңдаушылық білдірді

Онлайн форматта өткен кездесуге БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриш пен НАТО Бас хатшысы Й.Столтенберг шақырылды.

Виртуалды саммиттің нәтижелері бойынша бейресми халықаралық клуб бірқатар мәлімдеме жасады.

Құжатта «G7» Ауғанстан халқына бейілділігі және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 16 тамыздағы мәлімдемесіне қолдау көрсетілгені расталады.

«Біз Ауғанстандағы жағдайға үлкен алаңдаушылық білдіріп, ауған және басқа да азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін тыныштық пен ұстамдылыққа шақырамыз. Кез келген жағдайда халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауға шақырамыз», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Үлкен жетілік» елдері Ауғанстандағы гуманитарлық мәселелерді шешу аясында өңірдегі көршілес және басқа да елдермен ынтымақтастық жүзеге асырылатынын атап өтті. \Үлкен жетілік (Group of Seven - жеті топ, G7) - Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және АҚШ-ты біріктіретін бейресми халықаралық клуб.