Премьер-Министрдің орынбасары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін мынадай тапсырмалар берді:
медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
- санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
- педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында «ASHYQ» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
ВАК отырысында Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырмалар берді.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.