Спорт • 25 Тамыз, 2021

Атырауда жаттықтырушылар жетіспейді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Атырау облысында жасөспірімдер спортын дамытуға 2 млрд 314 млн теңге бөлінді. Бұл туралы брифингте облыстық спорт басқармасының бас маманы Аманжол Сағынғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жаттықтырушылар жетіспейді

Оның сөзінше, өңірде 100 мыңға жуық бала спортпен айналысады. 17 спорт мектебінде 26 спорт түрінен үйірмелер жұмыс істеуде. Ондағы қатысушылар жалпы мектеп жасындағы балалар санының 16,5 пайызын құрайды.

Аймақ бойынша қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларды мемлекеттік қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба аясында жүзу, дзюдо, бокс, көркем гимнастика, каратэ, күрес, шахмат секілді спорт түрлерінен балаларды тегін секцияларға қабылдау басталады. Бірақ түрлі спорт түрлерінен жаттықтырушылар жетіспейді. 

– Маман тапшы. Оны жою үшін облыс әкімі соңғы үш жылдан бері дене шынықтыру жене спорт мамандығы бойынша оқу гранттарын бөліп келеді. Алғашқы түлектер алдағы жылы спорттық ұйымдарға келіп жұмысқа орналасады, – деді спорт басқармасының бас маманы.