Аймақтар • 26 Тамыз, 2021

Алматыда Абай даңғылы уақытша жабылады

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда метро құрылысына байланысты Абай даңғылы уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Абай даңғылы уақытша жабылады

Абай даңғылы - Момышұлы көшесінің қиылысында «Достық» метро станциясының құрылысына байланысты көлік қозғалысына біреше өзгеріс енгізіледі. 

27 тамыз сағат 22:00-ден - 28 тамыз сағат 22:00-ге дейін Абай даңғылының бойымен Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі батыс және шығыс бағыттағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Абай даңғылынан іргелес аулаларға кіріп-шығатын жерлер ашық болады.

Момышұлы мен Саин көшесіндегі қозғалыс сақталады.