Коронавирус • 26 Тамыз, 2021

«Дельта» штамының жаңа симптомы анықталды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аз уақыт ішінде кең таралып үлгерген дельта штамының тағы бір симптомы белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

«Дельта» штамының жаңа симптомы анықталды

Дәрігерлердің айтуынша, құлақтың ауыра бастауы індеттің жаңа симптомы. Бұл туралы Express басылымы хабарлады.

АҚШ дәрігерлері коронавирустың «дельта» штамын жұқтырғандарға тән жаңа симптом пайда болғанын анықтады. Олардың сөзінше, «дельтаны» жұқтырған науқастардың құлағы қатты ауырып, мазасын алған. Дәрігерлер мұны құлақ қалқанының артында коронавирустық инфекцияның іздері бар сұйықтықтың жиналуымен байланыстыруда. Дәрігерлердің сөзіне сенсек, науқастың алдымен тамағы ауыра бастайды, содан кейін құлағы ауырсына бастағанын байқайды.

«Құлақтың ауруы, бұл - жалғыз симптом емес. Байқағанымыздай, ол басқа симптомдармен қатар жүреді»,  деді доктор Николь Фромманн.

Негізінен, құлақтың ауыруы коронавирустың «дельта» немесе «альфа» штамын жұқтырған науқастарға тән белгілердің бірі дейді мамандар.