Спорт • 26 Тамыз, 2021

Сауль Альварестің бапкері қазақстандық боксшыны жаттықтырады

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Сан-Диегода өткізіліп жатқан спаррингке қатысуда. Онымен бірге Сауль Альварес те жаттығады, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti порталына сілтеме жасап.

Сауль Альварестің бапкері қазақстандық боксшыны жаттықтырады

Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо қазақстандық боксшы Иван Дычконы Сан-Диегодағы жаттығуға шақырды. 11 қыркүйекте қазақстандық боксшының жекпе-жегі жоспарланған, бірақ қарсыластың аты әлі белгісіз.

«Эдди Рейносо бізбен сөйлескісі келеді. Ол 2019 жылдан бері Иванды жаттықтыруға ниетін білдірген. Осы арада, мен онымен келіссөздер жүргіздім», деді Иван Дычконың менеджері Зия Әлиев.

Бұған дейін мексикалық Сауль Альварестің өзі Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше