Спорт • 26 Тамыз, 2021

Елордада спорттық-медициналық орталық ашылады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада алғаш рет спорттық-медициналық орталық ашылмақ, деп жазады Egemen.kz Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада спорттық-медициналық орталық ашылады

«Елорда спортшылары жарыс алдындағы медициналық тексеруден емханада көпшілікпен бірге өтеді. Бұл өз кезегінде спортшыларға қолайсыздықтар туғызып, олардың дайындығы мен сауықтыру процесі сапасына әсер етеді. Осы себепті спортшылар қала әкімімен кездесуде бөлек медициналық мекеме беруді сұрады. Ұсыныс қолдау тауып, биыл елордада тұңғыш рет арнайы спорттық-медициналық орталық ашылатын болды», деді Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.

Оның сөзінше, орталықта спортшыларға тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізіледі.

«Спорттық-медициналық орталық спортшылардың оңалуы және денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ спортшылардың денсаулығын қадағалап, жарақат алған жағдайда емдеу үшін білікті дәрігерлерді тарту қолға алынып жатыр. Спорттық дәрігерлермен қатар психолог, массажист және спортшылардың тамақтануын қадағалайтын мамандар болады», дейді ол.

 

Соңғы жаңалықтар