Оқиға • 27 Тамыз, 2021

Алматыда тау бөктері өртенді

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер өртті жақын маңдағы «Компас» жанармай құю станциясына жеткізбей оқшаулаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тау бөктері өртенді

«26 тамыз күні кешкі сағат 20:50 минутта «101» пультіне куәгерлерден Медеу ауданындағы Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолында дала өртеніп жатқаны туралы хабар түсе бастады. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды», деп хабарлады департамент.

Өрттің кесірінен 1000 шаршы метрден астам қураған шөп пен ағаш жанып кеткен. Құрғақ өсімдіктердің биіктігі кей жерлерде 1,5 метрден асқан.

«Өртті сөндіру беткейлердегі биіктіктердің күрт өзгеруімен күрделене түсті, қабылданған шаралардың арқасында от 40 минут ішінде оқшауланып, 21:41-де жойылды. Өртті сөндіруге табиғи өрттерді сөндіру бойынша ТЖД жасағы, сондай-ақ құрамында 30 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз! Кінәлі адамдар әкімшілік, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады»,  делінген хабарламада.