Білім • 27 Тамыз, 2021

Экологиялық білім оқу жүйесіне интеграцияланады

525 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Тамыз конференциясында көтерілген тақырыптардың бірі елдегі эколо­гия­лық мәдениетті дамытуға арналды. Ұстаздар қауымының мәжілісіне білім бас­қар­ма­сының өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, ӨКМ Операторы және Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Семей, Петропавл, Өскемен қалаларының білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Экологиялық білім оқу жүйесіне интеграцияланады

Экологиялық білім беруді дамытудағы маңызды мәселелердің бірі – оқу үрдісіне экология тақырыбындағы материалды біріктіру. Компанияның басқарушы директоры ӨКМ Операторы Қайратғали Хайрулла «Экологиялық білімді оқу жүйесіне интеграциялау» атты алғашқы әдістемелік құралды таныстырды. Мұндай құралды мектеп бағдарламасына енгізу өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениетті оңтайлы сіңіруге мүмкіндік береді. Аталған жобада барлық мектеп пен мектепке дейінгі пәндер қамтылып отыр.

Әдістемелік құрал бес негізгі бөліктен тұрады. Бірінші бөлімде мектепке дейінгі және бастауыш сыныптарға арналған мате­­матикалық және әдеби оқу материал­да­­ры біріктірілген. Екіншісінде орта және жо­ғары сыныптардың оқу про­це­сіне эко-білім беруді енгізу бойынша жұ­мыстар көрсетілген. Үшінші бөлімде Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларының эколо­гия тақырыбына арналған үздік эсселері жи­нақ­талған. Соңғы екеуі қоршаған орта­ға қатысты практикалық мақсаттарға қол жет­­кізуге бағытталып отыр. Жинақты құ­­растыру үшін Нұр-Сұлтан, Теміртау, Қа­­ра­ғанды қалаларының және Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдері тартылды. Оқу әдістемелік құрал recycle.kz сайтындағы «экологиялық білім» бөлімінде көп­шілік қолдануы үшін жүктеуге қо­йылады.

Сонымен қатар ӨКМ Операторы «ЭкоАсар – игі істер марафоны 2021-2022» акциясына бастап берді. Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Семей қалаларында экологиялық «Асар» акциясы іске қосылады.

Еске сала кетейік, алғашқы «ЭкоАсар» 2020 жылдың қыркүйегінде іске қосылды және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Қалдықтарды бөлек жинау мен өңдеудің маңыздылығы туралы 450 мыңнан астам адам танып, білді. Былтырғы оқу жылында оқушылар шамамен 3 млн теңгеге 99 тонна қайталама шикізат ж­и­нады. Барлық жиналған қаражат қайы­рымдылық пен мектеп аумақтарын көгал­дандыруға бағытталды, делінген Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

«Егемен-ақпарат»