Әлем • 27 Тамыз, 2021

Кабул әуежайындағы жарылысты ИМ мойнына алды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ислам мемлекеті» террористік ұйымы бейсенбі күні Кабулда болған екі жарылысты да мойнына алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кабул әуежайындағы жарылысты ИМ мойнына алды

CNN телеканалының мәліметіне қарағанда, бірінші жарылыс әуежайға кіреберіс маңда, екіншісі әуежайға жақын жерде орналасқан Barron қонақүйі жанында болған. Бұл ақпаратты Пентагон өкілі Джон Кирби растады.

Ауғанстан денсаулық саласының шенеуніктері жарылыстан кемі 60 адам қайтыс болғанын, 140 адам жараланғанын мәлімдеді. Қаза болғандардың арасында АҚШ әскерінің 12 мүшесі бар.

Reuters агенттігі АҚШ әскеріндегі дереккөзіне сілтеме жасап, жарылысты жанкешті жасағанын хабарлаған.

Ауғанстандағы ToloNews телеарнасы жарылыс болған аймақтан ондаған адамның ауруханаға жеткізілгенін айтқан.

Ресми Вашингтон бұл шабуылдың артында «Ислам мемлекеті» террористік тобының Хорасан провинциясындағы өкілдері тұр деген. Жарылыстан бірнеше сағат өткен соң «Ислам мемлекеті» Кабулдағы шабуылды өз мойнына алды.

АҚШ әскерилері Кабулда шабуыл жиілей ме деп қауіптенеді.

Кабул әуежайы маңындағы жарылыс АҚШ, Батыс елдерінің азаматтары мен ауғандар елден кету үшін жанталасып жатқан тұста болды. «Талибан» Ауғанстандағы билікті қайта қолға алған соң елден кетуге бел буған шетелдіктер мен ауғанстандықтар Кабул әуежайына ағылып, дүрлігу басталған.

Бұған қоса, «Талибан» АҚШ пен оның одақтастарына адамдарын 31 тамызға дейін Ауғанстаннан әкетуді талап еткен.

26 тамыз таңертең АҚШ пен оның одақтастары «қолда бар сенімді дәлелдеріне» сүйеніп, Кабул әуежайына террорлық шабуыл жасалу қаупі барын ескерткен. Бірақ бұл ескертуге қарамастан Кабул әуежайында көп адам болған.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024