Аймақтар • 27 Тамыз, 2021

Маңғыстауда бірнеше шенеунік қамауға алынды

54 рет көрсетілді

Маңғыстаулық шенеуніктер 200 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады Egemen.kz

Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаментінің хабарлауынша, Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы Шабай Тәжіғараев, Бейнеу аудандық құрылыс бөлімінің басшысы С. Бисенов, «Бейнеу құрылыс» мердігер мекемесінің бас директоры Б.Саралтаев қамауға алынған.

2017 жылы «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» ММ мен мердігерлік ұйым арасында Бейнеу ауданының Сарға ауылына су тазарту қондырғысы мен ауылішілік су құбыры құрылысына мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды. Құжат құны 477,6 миллион теңге.

«2021 жылғы 24 тамыздағы сот-құрылыс сараптамасының қорытындысына сәйкес, 203,6 миллион теңгенің жұмысы орындалмағаны белгілі болды. Күдіктілер Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар

ПИК пен МИБ-тің «шайқасы»

Қазақстан • Кеше

Көлікқұмарларға арналды

Экономика • Кеше

Қымбат ем-дом қолжетімді

Медицина • Кеше

Өлке тәжі – Өлеңті

Аймақтар • Кеше

Ақшоқыда арқар атқан...

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар