Карантин шарасын бұзған 3390 объекті анықталды. 5457 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға шамамен 199 млн теңгеге 565 хаттама толтырылды. Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін шамамен 215 млн теңгені құрайтын 4892 хаттама жасалды.
«Карантин ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 75 іс жіберілді, 65-нің қызметі тоқтатылды. Қазіргі уақытта Алматы қаласының соты тұрақты тәртіп бұзушыларға қатысты 8 істі қарап жатыр», деп жазылған хабарламада.