Қазақстан • 28 Тамыз, 2021

Еліміздің 5 өңірінде арнайы операция өткізілді

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі елдің 5 өңірінде өткізген ауқымды арнайы операция барысында 32 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің 5 өңірінде арнайы операция өткізілді

Ақмола облысындағы кеніш және кәсіпорындардағы алтыны бар материалдарды жымқырумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесу мақсатында Ішкі істер министрлігі арнайы жасақты тарта отырып Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Маңғыстау облыстарында арнайы операция өткізді.

Кешенді іс-шара барысында қылмыстық жүйенің барлық әрекеті құжатқа түсірілді. Оның ішінде заңсыз алтын өндіруден бастап, дайын зергерлік бұйымды сату орындары да қамтылған. Тіпті өнімді көліктегі жасырын орында алып жүру, оған қолдан жасалған құжаттар әзірлеу де бар.

Қылмыстық жүйені ұйымдастырушылар заңсыз алтын іздеуші «бригадирлерді» қаржыландыра отырып заңсыз алтын өндіру жұмысын жүргізуге жағдай жасаған.

40 нысанды тінту кезінде келесі заттар тәркіленді:

  • Алтыны бар металды өнідіретін цехтың қызметін ұйымдастыруға қажетті құрылғылар (ұстату қондырғысы, химикат-реактивтер және басқа да қолдан әзірленген саймандар);
  • Алматы мен Шымкенттегі зергер бұйымдарын балқытатын және әзірлейтін екі жасырын цех (балқыту станогі, алтын құятын қалып, концентраттар және басқа да құрал-жабдықтар);
  • 95 млн 801 мың теңге және 356 мың АҚШ доллары;
  • Алтын бұйымдар мен ұсақ алтын қиыршығы, жалпы салмағы 10 келіден асады;
  • 13 қымбат көлік (2020-2021 жылғы Lexus LX 570, Nissan Patrol, Toyota);
  • 5 қару;
  • Шымкенттегі жасырын цехтың қызметіне қатысты құжаттар.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 32 адам ұсталып, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық топты ұйымдастырушылардың үстінен Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1,2-бөлігімен, 188-баптың 4-бөлігімен, 196-баптың 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.