Аймақтар • 28 Тамыз, 2021

Өрттердің барлығы сөндірілді - Қорғаныс министрі

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыкемер ауылына барып, халықтың қауіпсіздігін 100% қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрттердің барлығы сөндірілді - Қорғаныс министрі

«Әскери қызметшілер өрт болған ошақтарда жұмыс істейді, өрттердің барлығы сөндірілген, екі бықсу қоймасы бар. База қоршауына жақын жерде салынған бірнеше үйді қоспағанда, барлық тұрғындар үйлеріне оралды», деп хабарлайды ҚР ҚМ Баспасөз қызметі Instagram-да.

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қорғаныс министрлігі оқиға орын алған жерде 10-ға жуық жарылыс болғанын айтты.

ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі жарақат алып, зардап шеккен.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 13-ке жетті.