13 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамыз күні сағат 00:00-де елордада орналасқан еліміздің бас байрағы төмен түсірілді.
«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл ел тарихында оныншы рет жарияланып отырған Жалпыұлттық аза тұту күні.
Еске сала кетсек, 26 тамыз күні сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы, Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасындағы шыққан өрт пен жарылыстар салдарынан 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды.