Алматы билігі індетті тоқтату үшін түрлі қадамға барып, орасан шығынға батып жатқанымен, эпидемиялық ахуал тұрақтала қойған жоқ. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәліметінше, індет жұқтырғандар саны жаңа оқу жылы басталғанша өспесе, кемімейді. Өйткені демалушылардың негізгі бөлігі жұмысқа шығар алдында ПТР тапсырады.

Індет ошақтары
«25 маусымнан бері эпидемиялық ахуал «дельта» штамына байланысты шиеленісіп тұр. Төртінші толқынның шарықтау шегі 12 тамызға тура келді, ал эпидемияның өршуі 29 шілдеден қазіргі дейін жалғасып келеді және күніне шамамен 1,5-1,6 мың жағдай тіркеледі», деді ол.
Алматыда шілде айының бірінші аптасында – 2 843, екінші аптада – 5 324, үшінші аптада – 6 397, төртінші аптада 9 852 жағдай тіркелді. Тамыздың бірінші аптасында Алматыда 10 728 адам инфекция жұқтырса, екінші аптада КВИ жұқтырғандар саны 10 529-ға жетіп, үшінші аптада 10 786 адамнан індет табылды. Ж.Бекшин 18-19 тамызда ПТР нәтижелері неліктен бірден шарықтағанын түсіндірді. Оның пікірінше, бұл жұрттың демалыстан кейін жұмысқа шығуына орай профилактикалық шараларды қатаңдатуға байланысты болған. Симптомсыз КВИ түрлері тамыздың 13-17 күндері 5,5%-дан 18 тамызда 6%-ға және 19 тамызда 7,5%-ға дейін өскен. Сонымен қатар R саны (инфекциялардың берілу индексі) айдың басындағы 1,2-ден 25 тамызда 1,03-ке дейін төмендеді, бұл эпидемиялық толқынның рецессиясының басталуын білдіреді.
«Осы көрсеткіштерді ескере отырып, эпидемияның өршуі тамыз айының соңына дейін тіркелген 11 мың жағдайға сәйкес, яғни пессимистік болжам бойынша жүріп жатыр. Індеттің бәсеңсуі қыркүйек айының екінші жартысына, бір ай ішінде 10 мың жағдайға дейін ауысады» деген болжамын алға тартып отыр бас санитар.
Жыл басынан бері қалада 118 082 адам індетке шалдығып үлгерді. Сондықтан қалалық денсаулық сақтау жүйесі күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Коронавирус жұқтыру бұрынғыдай, 20-39 жас аралығындағы азаматтарда жоғары – 33,5%, 40-59 жастағылар арасында – 25,2% және 60 жастан асқандар арасында – 23,1%, қалған 18%-ы – балалар және жасөспірімдердің үлесінде.
Сондай-ақ Ж.Бекшин бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, карантин тәртібін белден басу азаймағанын айтады. Алматының кейбір тұрғындары бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы талаптарын елемей, той, құдалық, мерейтойлық мерекелер ұйымдастыруды тоқтатар емес.
Бүгінде жұқтырудың негізгі бес орны бар, олар: сауда орындары – 32%, отбасылық байланыс – 16%, қоғамдық көліктер – 17,1%, базарлар – 13%. Жұртшылық азық-түлік базарларында жиі жұқтырады – 9%. Сонымен қатар қазіргі шектеулі шаралар мен ұжымдық иммунитетінің артуына орай дерттің 2-3%-ға төмендегені байқалады.
СЭБД басшысы қала тұрғындары вирустың таралу тізбегін құруды жалғастыра отырып, қала маңындағы аудандарда және жалға алынған коттедждерде отбасылық мерекелер өткізетінін нақты мысалдармен мәлімдеді. Соңғы деректерге сәйкес індет жұқтыру 20-39 жасқа дейінгілер арасында 34% пайызға дейін жетті. Қысқасы, эпидемиялық жағдайды тұрақтандырып, білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылын қалыпты режімде ұйымдастыру үшін қолданыстағы шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды.
«Дельта» штамы салған ауыртпалықтар
Бұл күндері қала ауруханаларында 6 мыңнан астам науқас жатса, оның ішінде 169 бала бар. Тек 25 тамызда Алматыда 1 590 жағдай тіркелсе, оның 1 515-і симптомды тасымалдаушылар. 6 021 адам ауруханада, 476 адам жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Дәл осындай жағдайда Алматының дәрігерлерінің иығына түскен ауыртпалық екі есеге артқанын қаперден шығармау керек.
«Жедел жәрдем көлігінің жүктемесі шарықтап тұр, тәулігіне 1600-ге жуық жағдай тіркеліп, ауруханаға күн сайын 700-750 науқас қабылданады. Тәулігіне 3000-3500 дейін қоңырау шалынады», дейді Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.
Ол 12 868 науқастың МАСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында екенін айтты.
Бүгінде мегаполисте жүздеген дәрігер коронавируспен күресіп жатса, олардың бірқатары вакциналау орталықтарында жұмыс істейді. Мыңнан астам дәрігер екпе салу ісімен айналысып жатыр.
АЛМАТЫ
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Бүгін, 21:41
Қазақстанның әйелдер командасы жүзуден Исламиада медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 21:40
Кино • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:36
Мұқтаж отбасындағы баланы мектепке дайындауға 43 мың теңгеден берілді
Қоғам • Бүгін, 21:08
Елімізде алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 20:45
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 20:10
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 19:35
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 19:10
Мексикада жыл басынан бері 14 журналист қаза тапқан
Әлем • Бүгін, 18:53
Исламиада ойындары: Бүгін қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 18:20
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:52
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Бүгін, 17:43
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Бүгін, 17:35
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 17:22
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Бүгін, 17:10
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Бүгін, 17:01
Солтүстік өңірлерде күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров сарбаздармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Колумбияның оңтүстік-батысында 300 адам үйлерін тастап кетті
Әлем • Бүгін, 16:30
Елордада 5 мыңға жуық үй газға қосылды
Елорда • Бүгін, 16:22
Әйелін ұрып өлтірген ер адам 17 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:15
Елордада табысы аз отбасыларға әлеуметтік карта беріледі
Елорда • Бүгін, 16:02
Қаржы • Бүгін, 15:56
Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды
Елорда • Бүгін, 15:43
БҚО мектептерінде 210 мұғалім жетіспейді
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Оқиға • Бүгін, 15:25
Алматының Түрксіб ауданында 13 ескі үй сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Мерей Базарбаев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Күрес • Бүгін, 14:52
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Түркістанда танысын жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Алматыда 1560 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
Ұқсас жаңалықтар