Елорда • 30 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда тағы екі проблемалы құрылыс аяқталды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылы барлығы 57 проблемалық көппәтерлі тұрғын үй кешенін аяқтау жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда тағы екі проблемалы құрылыс аяқталды

Б«іріншіден, нысанға техникалық аудит жүргізілді, тірек конструкцияларының жарамдылығына техникалық тексеру жүргізілді. Техникалық жай-күйін бағалауды және сараптамалық ұсынымдарды алғаннан кейін нысанның құрылысы қайта басталды. Бұл кешеннен баспанасын 6 жылдан бері 120-дан астам отбасы күтіп жүрді. Кешеннің басқа блоктары бойынша да жұмыс жүріп жатыр», деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Куршавель» ұзақ құрылысының жұмысы 2020 жылдың қараша айында қайта басталды. Ол кезде нысан тек 40%-ға ғана салынған, ал сыртқы инженерлік желілері болмаған еді. Осылайша, бірінші кезекте мемлекеттік сараптамадан өту жұмыстары орындалды.

Конституция күні «Куршавель» ТК-нің 135 үлескері көптен күткен пәтерінің кілтін ала бастады.

Ұзақ құрылыстардың аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, қазір үлескерлерге кілттерін табыстау рәсімі өтіп жатыр. Қос проблемалы нысан бойынша ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Елордада 2019 жылдың жазында проблемалы 52 үлестік құрылыс нысаны болды. 2019 жылдың жарты жылдығында құрылысы ұзаққа созылған 10 нысан салынып, пайдалануға берілді. Бұл – 13 көппәтерлі тұрғын үй кешені. 2020 жылы 14 нысанның құрылысы аяқталды, бұл – 20 ТК.

Биыл елорда күніне орай тағы 21 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 2021 жылы барлығы 57 проблемалық көппәтерлі тұрғын үй кешенін аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша 7 мыңнан астам үлескер көптен күткен пәтеріне ие болады.